ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Аппараттық кеңес өтті

13:30, 19 қаңтар 2022

Көптілділік – заманауи білім беру басымдылығының бірі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті кеңейтілген аппараттық кеңесінде айтты. Жиналыста тағы қандай түйткілді мәселелер көтерілді?

Жиында көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Облыс әкімінің айтуынша, қазақ тілін оқытуға арналған әдістемеде қателер кездесіп жатады. Алайда, өңірдің білікті мамандары бұл мәселені біржақты етуге ниеттеніп, шаруаны оңтайлы шешкен. Олар орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі. «Қосымша әдістемелік материал оқытушыларға да, оқушыларға да мемлекеттік тілді үйренуге көмектеседі деп ойлаймын», -деді Даниал Ахметов. Мұнымен білім саласындағы жұмыстар тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта 760-тан астам педагог біліктілігін арттыратыны айтылды.

Кеңес барысында тағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Аймақ басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Б. Момышұлы көшесіндегі 14-үйге қатысты мәселені соңына дейін жеткізіп, аяқтауды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында ғимараттың қасбеті құлаған болатын. Кейіннен мұндай жағдай тағы бірнеше рет қайталанды.

Сонымен қатар, табиғаттың айтып келмейтін апаттарының алдын-алу мәселесі де қаралды. Айта кетейік, осыған дейін облыста 41 рет дауылды ескерту жарияланып, 36 рет жолдар жабылғаны туралы хабарламалар таратылған. Ең бастысы, қар құрсауында қалған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейту үшін ТЖ-ларға арналған техникаларды қосымша жабдықтармен жабдықтау қажеттілігі сөз болды.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...