ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Аңызға айналған есім

13:32, 29 қараша 2021

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арналған шаралар легі жалғасын табуда. «Аңызға айналған есім» деген атаумен облыс орталығында  көрме ашылды. Мұнда келген әр келуші Елбасы туралы тың ақпарат ала алады. Оның көпшілікке белгісіз қырларын көрмедегі экспозициялардан білуге болады.Қаладағы орталық кітапханада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ашылды. "Аңызға айналған есім" көрмесінде бірнеше  бірегей кітаптар ғана  жиналып қоймай,  келушілер  назарына мольберттерден бастап кю-ар кодтарға дейін орналастырылған қызықты ақпараттар ұсынылды.Экспозицияда Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған Тұңғыш Президенттің еңбектерімен танысуға болады. Сондай-ақ, көрмеде Елбасының әдеби талғамы туралы да білуге болады.Көрменің арқасында Елбасы оқырмандардың алдына саясаткер ретінде ғана емес, әдебиетті, спортты, өнерді сүйетін жан-жақты адам ретінде танылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар