ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АЛТАЙДЫҢ БАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ

17:30, 25 қаңтар 2021

Жамбылдық кәсіпкерлер бал шаруашылығын дамытуға мүдделі. Бұл мақсатта олар шығысқазақстандық әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге ниет білдіруде. Аймаққа Жамбыл облысынан арнайы делегация келді. Мамандар жергілікті шаруалармен пікірлесіп, өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды. Селекциялық-асылдандыру жұмысы және өнеркәсіптік ара шаруашылығын дамытудың мәселелерін талқылады. Алтайдың балы талайды тамсандырған нағыз шығыстың бренді. Бүгінде экспортқа шығып, әлем тұтынушыларын мойындатты. Қазақстан бойынша бал өнімінің 67 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Жергілікті омарташылар заманауи технологияны кеңінен енгізуде. Бұл өз кезегінде сапалы өнім алуға сеп. Сондықтан Жамбыл облысының кәсіпкерлері «шығыс шаруаларынан үйренеріміз көп» дейді. Әсіресе, бұл іске жастарды көптеп тарту көзделген. Ал Шығыс Қазақстан бал шаруашылығын дамыту үшін ғылыми жұмыстарға басымдық бермек. Омартамен айналысатын қожалықтардың басын бір арнаға тоғыстырып, кооперация негізінде саланы одан әрі дамыту көзделген. Былтырға дейін ара шаруашылығына қаражат Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қарастырылса, алдағы уақытта облыстық бюджет есебінен субсидиялар бөлінбек. Биыл 90 миллион теңге қаражат бағытталды. Бүгінде Шығыс Қазақстанда өндірілетін бал өнімі Америка, Еуропа елдері мен ҚХР-на экспортталады. Аталмыш елдердің табиғи өнімге деген талабы тым жоғары. Дегенмен, Алтайдың балына деген сұраныс төмендеген емес. Кездесу соңында екі тарап өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта қос аймақтың кәсіпкерлері ғылыми бағытта бірлесе еңбек етпек.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар