ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АЛМАТЫДАН КЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

17:15, 6 сәуір 2021

Елде COVID-19 індетінің таралуына байланысты енгізілген карантиндік шектеулер барлық салаға, соның ішінде әуе қатынасына да өз әсерін тигізді. Бүгінде облысымыздағы әуежайлар қалай жұмыс істеуде, санитарлық талаптар сақталып жатыр ма? Келесі бейнематериалда. Өскемен әуежайында қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында қызыл аймаққа енген Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан келетін жолаушыларды ауру белгілері бойынша термометр арқылы тексеруден өткізуде. Мамандардың айтуынша, барлығы ортақ ережеге бағынуы қажет. Яғни жолаушы ПТР тест анықтамасымен ұшуға, арақашықтықты сақтауға, бетперде тағуға және басқа да талаптарды орындауға міндетті. Әуе кемесінен түскен жолаушылар ұшақтан түскенде ғана емес, ұшақтың ішінде де санитарлық талаптардың сақталуына ерекше мән берілгені жөн деп санайды. Әуежайдағы бақылау сәуір айының 14 жұлдызына дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 22 мыңнан астам облыс тұрғыны ауру жұқтырған. Аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы қабылданған қаулысына сәйкес шектеу шаралары өңірде тағы да ұзартылған болатын. Сонымен қатар, Алматы, Қарағанды облыстары жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін 4 санитарлық бекет орнатылатыны айтылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар