ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

АҚЫНМЕН ЖҮЗДЕСУ

13:31, 29 маусым 2022

Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада алашқа танымал айтулы ақын, Жүрсін Ерманмен кездесу өтті. Әдеби кеште айтыскер ақындар арнау айтып, жазба ақындар өлең оқыды.

Мұндай шараларды өткізу аймақтағы жас ақындардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауларына сеп болады, дейді ұйыдастырушылар.

Кездесу барысында кеш қонағы Оралхан Бөкеймен жастық шағында бірге  өткен қызықты, әрі  жылы естеліктерін оқырман қауымға әуезді әңгімелеп берді.

Бұл кездесуге ат терлетіп, Абай облысынан да жас ақындар келді.

Кеш соңында Жүрсін Ерман жас буынға батасын беріп, ағайынға ақжарма алғысын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар