ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ақсуатта алғашқы медресе ашылды

17:16, 4 тамыз 2022

Абай облысының Ақсуат ауылында алғаш рет медресе ашылды. Енді ауданның қалаған мектеп оқушылары жаз мезгілінде осы жерде діни білім алады. Өңірдегі игі жақсылар мінәжат орнының ашылу салтанатына қатысып, бабалар рухына құран бағыштады.

Ұранқай қажы мешітінің жанынан ашылған медресе 15 шәкіртке шақталған. Сабақты алаңсыз оқу үшін 8 орындық жатақхана да салынған. Барлығы заман талабына сай. Оқу орнының құрылысына жергілікті меценаттар демеуші болған.

Жиналған жамағатқа медресенің келешек жастарды имандылық пен ізгілікке тәрбиелеудегі алар орнының зор екендігін айтылып, құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтар ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталды. Бой көтерген діни нысанның салтанатты ашылуына Сансызбай Құрбанұлы да қатысты.

Ал, ауылдың жасөспірімдері енді діни сауатымыз артады деп қуанышты.

Имандылық мектебінің ашылуына орай Құран оқудан облыстық сайыс өткізілді. Оған аймақтың әр ауданынан 20 шақты имам қатысты. Барлығы да бала кезінен бастап әкесінен не болмаса ауыл молдасынан Құран оқуды үйренген діни қызметкерлер.

Сайыс барысында қатысушылар осы уақытқа дейін оқып үйренгендерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұранқай қажы мешітінің ұстазы Елдос Жортымов алды. Бас жүлдені иеленген азаматқа Умраға, яғни кіші қажылыққа баруға жолдама табысталды.

Сайыста қатысушылардың Құранды жатқа оқумен қатар, дыбыстарды қатесіз айтуы басты назарға алынды. Осы сынақтардан сүрінбей өткен имамдардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар