ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Аймақтағы жағдай тұрақталды

13:31, 12 қаңтар 2022

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізді. Онлайн жиналыс барысында аймақ басшысы жауапты органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау алгоритмдерін дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, өңірдің Қарулы Күштерін жарақтандыруды жақсарту бойынша техникалық ұсыныстарға тоқталды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Барлығы бақылауға алынған. «Өңірде қоғамдық көлік, ауданаралық автобустар жүріп жатыр. Барлық банктер, банкоматтар, дүкендер, дәріханалар мен әлеуметтік объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде» , - деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, облыс әкімі бағаны белгілеу мәселесіне қатаң көңіл бөлуді тапсырды. Жауапты ведомстволар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Кеңес аясында агро-өнеркәсіптік кешен өкілдеріне осы секторды субсидиялау бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берді.

Сондай-ақ,  Даниал Ахметов коронавирус инфекциясы жайлы ұмытпай, оны тоқтату шараларына жіті назар аудару керектігіне ескертті. Азаматтарды вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын тағы күшейту қажет екеніне тоқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар