ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Аймақтағы тұрғын үй құрылысы

13:36, 9 маусым 2021

Облыс әкімдігінде 2021 жылы өңірде пайдалануға берілуі тиіс тұрғын үйлердің құрылыс барысы қаралды. Жалпы биыл Шығыс Қазақстанда құрылыс жұмыстары айтарлықтай еселенбек. Жергілікті билік өкілдері өңірде 11 мың пәтер салуды жоспарлаған. Осы жылдың өзінде облыста 1 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүзеге асады. Биыл облыс бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 647,1 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде, бұл өткен жылғы көлемнен 124,5% - ға артық. Атап айтқанда, жалпы ауданы 291,7 мың шаршы метр болатын 54 көппәтерлі тұрғын үй немесе 3400 пәтер. Сондай-ақ, 464 жеке тұрғын үй. Сан болғанымен, сапа жетпей тұр кей тұста. Шемонаиха, Бородулиха аудандарында бірнеше тұрғын үй құрылысы әлі де басталмаған. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты қолға алуды тапсырды. Бес ай ішінде Шығыс Қазақстанда 154,2 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Даниал Ахметовтың айтуынша, өңірде жеке тұрғын үй құрылысы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін 218 үйді облыстық бюджет есебінен сатып алу жоспарда тұр. Аймақ басшысы әрбір аудан әкіміне жұмысты жоспарлы түрде атқаруды жүктеді. Сондай-ақ, өңірде жеке инвестициялар есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын арттыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Бір ғана "Бір қабатты Шығыс" өңірлік бағдарламасы аясында 59,2 мың шаршы метрге 441 үй салынады. Ал, жалпы тұрғын үй құрылысының жақсы көрсеткіштерін Зайсан, Аягөз, Глубокое аудандары байқатып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...