ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Аймақтағы құрылыс саласының қарқыны

13:34, 14 шілде 2021

Биыл Шығыс Қазақстанда бір миллион шаршы метр тұрғын үй салу межесі бағындырылды. Бүгінгі таңда облыста түрлі қаржы көздерінен 127 көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. 381 үйдің құрылысы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Облыс әкімі Даниал Ахметов аймақтағы құрылыс мәселелеріне қатысты кеңес өткізді. Аймақта қазір мемлекеттік бағдарламадан бөлек, коммерциялық тұрғын үй секторына да мән берілмек. Өйткені, сұранысқа ие және халық қаржы салуға дайын. Мәселен, Аягөз қаласында дәл осы бағыттағы жұмыстар қарқынды. Сондай-ақ, әлеуетті жеке инвесторларға жер учаскелерін ғана емес, құрылысын бастауға дайын жобаларды да ұсына аламыз,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынатын үйлерге келетін болсақ, Өскемен, Риддер және Тарбағатай ауданында әлі күнге дейін құрылыс жұмыстарын бастамаған мердігерлердің мәселесін және олармен жасалған шарттарды қайта қарау керек» деді облыс әкімі. Үй құрылысынан бөлек, аймақта әлеуметтік маңызды нысандарды салу ісі де қарқынды. Спорттық сауықтыру кешендері, спорт модульдері, бассейндер, мәдениет үйлері мен клубтар, фельдшерлік-акушерлік пункттер сияқты әлеуметтік, мәдени және спорт нысандары барлық ауданда салынып жатыр. Аймақ басшысы бұл жобаларға қатысты туындаған мәселелер қысқа мерзімде шешілетінін жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...