ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

«Айбын-2021» жиыны

13:30, 6 қазан 2021

Жас болса да, жүректерде жалын бар...Бүгін 7-ші "Айбын-2021" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Салтанатты шараның ашылу рәсімі «Зерек» орталығында өтті. Биылғы жылы жиынның ерекшелігі қатысушылар санының 2 есеге артуында. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 74 команда өз өнерлерін ортаға салады. Бұл шамамен 1100-ден аса қатысушы. Іс-шараға қатысқан ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері де дайындыққа үлкен көңіл бөлуде. Мүмкіндігінше қолдан келген көмекті аямаймыз дейді. ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчиновтың айтуынша, облыс аумағында 500-ден астам әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді, ал өңірдің 68 мектебінде әскери-патриоттық жұмыс кабинеттері жабдықталған. Жас жеткіншектер бұл жарысқа ұзақ уақыт бойы жауапкершілікпен дайындалған. Солардың бірі - Өскемен қаласының №5 орта мектебінің оқушысы Ибрагим Куриков. Айта кетейік, жиын бағдарламасында «Жас сарбаз – жас тілші»  атты арнайы  байқау мен қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ бойынша онлайн-турнир де ұйымдастырылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар