ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Ахмер тұрғындарына ауыз су тапшы

17:15, 21 шілде 2021

Ахмер кентінің тұрғындары ішерге су таппай тарығып отырғандықтарын айтып, арнамызға хабарласты. Айтуларынша таяуда ғана тартылған құбырлар ұзақ уақыт өтпестен жарылып кеткен. Онсызда жолға жарымай отырған жұрт, судың айдалаға бей-берекет ағып жатқаны жығылғанның үстіне жұдырық болды дейді. Кенттегі ағайынның мәселесімен әріптесім Арайлым Нығметоллақызы танысып қайтты. Күні кеше су тартылғанына мәз болған халықтың қуанышы көпке созылған жоқ. Су құбырлары қайта-қайта жарылып, абдыраған жұртшылықтың мазасын кетірді. Мердігер компания өкілдері орын алған олқылықты қайтадан түзейміз дегенімен, еш нәтиже жоқ. Бізбен тілдескен Жаңажол, Күнбатыс, Құмаш Нұрғалиев, Сейфуллин көшесінің тұрғындары таң атқаннан бастап осылайша сыздықтап ағып тұрып алатын су, кешқұрым мүлдем, зым-зия жоқ болатынын айтады. Іші суға толы, баспалдақтары да жоқ құдықтардың қақпағы оп-оңай ашылады. Үлкендер жағы балалар осы маңайда ойнап жүріп қызықтап,  ішіне түсіп, мертігіп қала ма деп  уайымдайды. Тұрғындар судың жоқтығынан ала жаздай бала-шағаға деп еккен жемісіміз де құрғап кетті дейді. Ал жарылған құбырлардан шыққан су  бейберекет ағып кетіп жатыр. Іші-сырты суға толы мына бір құдықтың маңындағы үйдің іші көгеріп, қабырғалары жарылып кеткен. Туындаған мәселенің мәнісін түсіндіріп берулерін сұрап құзырлы мекемеге хабарластық. Ондағы мамандар тұрғындардың бақшаларын суару уақыты  әр түрлі болғандықтан, қысым төмендеп, ақыры жоғалады дейді. Ахмер кентінің тұрғындары бас қайғыға айналған мәселе оңтайлы шешім табатынына үміт артады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...