ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

АХМЕР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13:32, 5 наурыз 2021

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Ахмер кентінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында шаһар басшысы  былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды биыл қолға алынатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Өткен жылы Ахмер кентінде 35 шақырым су желілері тартылып, 3344 адам сумен қамтамасыз етілген. 10,7 шақырымға электр желілері тартылып, 288 жарық шамдары орнатылған. «Менің аулам» бағдарламасы бойынша балаларға арналған 1 аула салынды. Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы абаттандыру жұмыстары жалғасады. Сейфуллин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар,  600-ден астам абонентке электр желілерін салу жобасы дайындалған. Кездесу барысында тұрғындардың басым көпшілігі қала әкімдігіне алғысын білдіріп, былтырға қарағанда бірқатар мәселелер шешілгенін алға тартты. Алайда өздерімен бірге арыз-шағымдарын арқалай келгендер де жоқ емес. Қала әкімі балабақша салу жоспарда бар екенін, алайда ағымдағы жылы ашылмайтынын айтты. Дегенмен мектепте шағын орталық топтарын ашу керектігін алға тартып, мектеп директорына арнайы тапсырма берді.  Шаһар басшысының айтуынша, бұл тек жыл басында қабылданған жобалар. Жыл соңына дейін әлі де мәселелер көтерілетін болса, қосымша жұмыстар атқарылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар