ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Аблакеткадағы автобус мәселесі

17:15, 6 қазан 2021

Аблакетка тұрғындары автобус мәселесіне қатысты шағымдарын айтып, арнамызға жүгінді. Олардың сөзінше, екі бағыт бойынша қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру кестесі дұрыс құрылмаған. Кезекті автобустың қайта айналып келуін бір, бір жарым сағат бойы күтеді. Осының кесірінен көпшілігі жұмысқа кешігіп, күні бойына жоспарлаған шаруаларын кейінге қалдыруға мәжбүр. Проблемаларын айтып, жиналған көпшіліктің тілегі бір: «Күн суытып, одан сайын әбігерге салған шақта жолға телміріп, аялдамада көп уақытымызды жоғалтпасақ екен», - дейді. Вера Томская талайдан бері бас қайғыға айналған осы мәселені жұмыла көтеріп, біржақты етейікші  деп жүрген бастамашыл топтың мүшесі. Айтуынша, бәрі жиналып, қалыптасқан жағдайды баяндап, құзырлы орындарға бірнеше хат жолдағандарымен, ешқандай өзгеріс жоқ. Туындаған мәселе бойынша жиынға қатысқан жергілікті автопарк өкілі: «№25А» бағытындағы автобус, жолда сынып, болмаса тағы да басқа оқыс жағдай болып қалмаса, қалыпты режимде жұмыс істеп жүргенін айтады. Ал, қала ішіндегі жолаушылар тасымалына жауапты мекеме басшысы бізге былай деп жауап берді. Аблакетка тұрғындары автобус мәселесі тезірек оңтайлы шешім тапқанын қалайды. Бұл жолы өздерімен жолыққан жауапты мекеме өкілдеріне үлкен сенім артады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар