ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Абаттанған Аягөз

13:30, 3 шілде 2021

Аңыздар мен абыздар елі, тоғыз жолдың торабындағы Аягөз облыста жер көлемі жағынан ғана емес, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан да алдыңғы қатарда. Аудандағы түйткілді мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Сексен мыңға жуық халқы бар ауданның ауыл шаруашылығы саласы да көш ілгері. Өндіріс те өркен жайып келеді. Сондай-ақ ауданда ауыз су мәселесі мен бұрынғы аудан орталықтарын қайта жаңғырту жұмыстары да қарқынды. Аягөз – өңірдегі экономикасы ілгері басқан, қарқынды даму жолындағы аудандардың бірі. Соңғы жылдары ауданның шаруашылық құрылымдарының тасы өрге домалап, ауыл шаруашылығы саласы жанданып келеді. Бұл аудан халқының әл-ауқатының көтерілуінің кепілі екені белгілі. Осы бағытта атқарылған іс-шаралардың бағыт-бағдары мен нәтижесі де айқын. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында шаруалар асыл тұқымды мал басын арттырып, жаңа техникалар сатып алып, жұмыс тиімділігін арттыруда. Жеңілдетілген несие мен субсидияның ауыл шаруашылық өндірушілеріне берер пайдасы мол. Негізгі шаруашылық жер көлемі 5 мың гектарға жуықтайтын ауданның географиялық жағдайы мен ауа райы да шаруашылықты өркендетуге үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында 2 млрд 300млн- теңгенің қаржысын тарту жоспарлануда. Аягөз – іргелі аудандардың бірі. Бұл өңірдің ең өзекті мәселесі - ауыз су. Көп жылдар бойы күрмеуі шешілмеген мәселе бүгінде бірден болмаса да біртіндеп шешімін тауып келеді. Биыл Аягөз қаласындағы 37 көшеге су тарту жоспарланып отыр. Аудандағы ауылдар мен Аягөз қаласындағы көшелерге су тарту алдыңғы кезекте атқарылмақ. Құрылыс жұмыстарының жүйелі орындалуы үшін көшелерге жол мен жарықты тартпас бұрын су жүйесін ретке келтіру көзделіп отыр. Сондай-ақ ауданның шалғайдағы шағын ауылдарын көріктендіру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен бұрынғы аудан орталықтарын қайта жандандыру тапсырмасы Аягөз ауданында да ескерусіз қалмаған. Аудан көлемінде жыл бойы атқарылған ілкімді істер көп. Ал алдағы уақытқа жасалған жоспар негізінде халықты тұрғын үймен қамту басты назарда болмақ. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Ақтоғай кентін абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінген. Ауданда халықты жұмыспен қамту мәселесі де басты назарға алынған.  Жыл басынан бері 742 адам жұмысқа орналастырылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...