ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

70 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ЖЫРЫ

13:30, 6 сәуір 2021

Шығыс Қазақстандағы дәрігерлер пандемияға байланысты берілуі тиіс ынталандыру үстемақысын толық алмадық деп шағымданды. Өңірдегі жедел медициналық жәрдем станциясының  қызметкерлері даулаған ақшаларын ала алмаған соң адвокат жалдапты. Олардың құқығын қорғауға келіскен заңгердің айтуынша, қазір  үстемақы бойынша жалпы қарыз сомасы 70 миллиард теңге шамасында. Ал аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл сөзді жоққа шығарып, ешкімге берешек емеспіз деп мәлімдеді. Пандемия басталғалы жұмысы күрт көбейген жедел жәрдем қызметі дәрігерлерінің бірі-Дархан Есжанов. Алайда, кеселді жұқтыру қауіптілігі жоғары топта жұмыс істесе де, тиісті үстемақыны толық алмаған.  Үстемақыдан қағылдық деген 300-ден астам адам бірлесіп автокат қызметіне жүгінген. Семей мен Риддер қалаларындағы дәрігерлер де осы заңгерден көмек сұраған. Адвокаттың айтуынша, ынталандыру үстемақысы бойынша қарыз мөлшері өте ауқымды. Медицина қызметкерлерінің өңірдегі кәсіподақ өкілі де дәрігерлерге  тиесілі үстемеақы дұрыс төленбей жатыр деген пікірде. Бірақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мұның бәрін жоққа шығарды. Енді бұл мәселеге қатысты аймақта  арнайы  құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар