ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

51 ЖАСЫНДА ДҮНИЕГЕ СӘБИ ӘКЕЛДІ

13:30, 3 наурыз 2021

Семей тұрғыны 51 жасында тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Бұл соңғы жылдары осындай жастағы әйелдің босануына байланысты қаладағы алғашқы жағдай. Дәрігерлердің айтуынша, босану сәтті өткен. Қазір ана мен баланың жағдайы қалыпты. Толығырақ тілші бейнематериалында. Семейлік 51 жастағы Мейрамгүл Қажыбаеваның арманы орындалды. Ол 14 жылдан кейін көптен күткен перзентін өмірге әкелді. Қыз бала15-ақпан күні дүниеге келген. Сәбиге Айсана есімін берген. Тұңғыш баланы дүниеге әкелудің оңтайлы жасы туралы дәрігерлердің пікірі үнемі өзгеріп отырады. Өткен ғасырда отандық медицина бірінші баланы 24 жастан асқанда дүниеге әкелгендерді «жай босанғандар» қатарына жатқызатын. Қазір 30 жасқа дейін алғашқы перзентін өмірге әкелгендер жас болып саналады. Сондай-ақ, өткен жылы салмағы 5 келіден асатын балалар жиі туған. Мысалы, тек 2020 жылдың шілде айында үш сәби дүниеге келген. Жалпы, жыл басынан бері Семейде 1 186 жаңа туған нәресте тіркелген.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар