ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

33 мектеп пен 2 колледж тексерілді

13:34, 10 қыркүйек 2021

2021 жылдың 1 жартыжылдығында аймақтағы бірнеше білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізілді. Облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өткізген баспасөз конференциясында тексеру жұмыстарының  қорытындылары жарияланды.    Бекітілген тізімге сәйкес профилактикалық бақылау 33 мектеп пен 2 колледжде өткізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылатын негізгі  талаптар пен ережелерді бұзған 229 жағдай анықталды. Олардың 98-іне «өрескел», 51-іне «елеулі», ал қалған 34,9%-ына «болмашы» деген баға берілді.   Сондай-ақ, бірнеше мектептегі шағын орталықтар мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмағаны да белгілі болды. Кейбір мектептерде шағын орталық қызметін реттейтін нормативті құжаттардың жүргізілуі, оқыту үрдісі мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай емес. Сонымен қоса кейбір мектептерде компьютерлер мен оқушылар саны, оқушылар туралы толық мәліметтер, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі оқу орынбасарларының бірліктері, «күнделіккз» жүйесінде көрсетілген мәліметтер мен ұлттық деректер қорындағы ақпарат екі түрлі. Осындай келеңсіздіктерді ортаға салған облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы профилактикалық бақылаудан өткен мектептер мен колледждер белгіленген уақыт аралығында жіберілген қателіктер мен олқылықтарды түзетулері тиіс екенін айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...