ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

30 жылдағы ұмтылыс

13:38, 27 шілде 2021

Тәуелсіздік – қазақ халқының қол жеткізген баға жетпес басты құндылығы. Бүгін Өскеменде тәуелсіздіктің 30 жылдығын насихаттау және аймақта іске асып жатқан  «игі істер марафоны» жобасы бойынша баспасөз брифингі өтті.  Жиында не айтылды, қандай мәселелерге тоқталды? Қазақстанның тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы жылдар ішінде егемен ел етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысында 144 мектеп, 27 бала-бақша, 453 спорт кешені, 107 денсаулық сақтау нысандары бой көтерген. Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов Шығыс Қазақстанның даму жолдары мен жетістіктері туралы кеңінен тоқталды. Шығыс Қазақстан елдің ірі өндірістік, аграрлық, туристік, транспорттық және мәдени аймағы. Бүгінгі таңда қай бағытты алып қарасақ та кешенді жұмыстар жүргізіліп, қарқынды дамуда. Бүгінде елімізде бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұңғыш Достық үйі де Өскеменде ашылған болатын. Жиында бірлікке бастайтын идея аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатқандығына да тілге тиек етілді. Көптеген сынақ пен қиындықтарды басынан кешірген Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...