ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

15 адам коменданттық сағатты бұзған

17:17, 11 қаңтар 2022

Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған бүлікшілер мен іс қозғалғандардың саны анықталуда. Бұл туралы бұқаралық ақпарат өкілдеріне облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция Департаменті өңірде жағдай қалыпты екенін мәлімдеді. Барлығы құқық қорғау органдарының бақылауында. Тәртіп сақшылары қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Департаменттің Баспасөз хатшысы Татьяна Карпованың айтуынша кешеден бері 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң қызметкерлері ғаламтор беттеріндегі жалған ақпараттарға сенбей, ресми сайттардан ғана мәлімет алуға кеңес береді. Ал жалған ақпарат таратылған жағдайда автор қылмыстық кодекстің 274 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар