ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

12 жастан бастап екпе салынбақ

13:30, 27 қазан 2021

Елдегі эпидемиялық ахуал бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Індеттің алдын алу үшін ересектерге ғана емес, қараша айының  соңына қарай 12 жасқа толған балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынбақ. Аталған мәселеге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін облыста баспасөз конференциясы өтті. Мектептерді дәстүрлі  бағытта оқыту биылғы жылы қайта жанданды. Облыста 644 мектеп пен 195 мың оқушы  санитарлық нормаларды қатаң сақтап, білім алуларын жалғастыруда. Оқу жылы басталғанға дейін қызметкерлердің екпе алуы, маскалық режим де қатаң бекітілген. Қабылданып жатқан іс-шаралар балалар денсаулығын сақтауға бағытталған дейді-, облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова. Елге Пфайзер компаниясының вакцинасы әкелініп үлкендермен қатар балаларға да салынбақ.  Бұл шара медициналық мекемелерде ғана жүзеге асатын болады. Ол үшін ата-аналар жазбаша түрде рұқсат беру тиіс. Әрбір адам өз денсаулығына аса мән беру қажет. Бұл турасында ата-бабамыздың  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп айтқан сөзі еске түседі. Аты жаман ауру қаншама адамның өмірін жалмағандығын ескерсек, індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе сияқты көрінеді.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар