ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

17:35, 1 наурыз 2021

1 – наурыз алғыс айту күні. Бұл күн елімізде алтыншы жыл қатарынан аталып өтілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке -  республикамыздың аумағында тұратын барлық этностардың бірлігі мен келісімінің нышаны.  Бұл күні түрлі ұлт өкілдері қазақ халқына қонақжайлылығы мен мейірімділігі үшін ризашылықтарын білдіреді. Алғыс айту күні мерекесінде Қазақстанда тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір-біріне және қонақжай қазақ халқына ризашылықтарын білдіреді. Семей қаласындағы Достық үйінің директоры Надежда Шарованың айтуынша, соңғы жылдары бұл күн халық арасында танымал бола бастады және оны барлық ұлттар мейірімділік пен өзара түсіністік жағдайында атап өтеді. Бүгінде Қазақстан 130-дан астам ұлттың ортақ отаны ретінде, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен халқының бірлігін жоғары бағалайды. Украин қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Галина Богатыреваның айтуынша, Қазақстан мен Украина арасында жылдан жылға нығайып, дамып келе жатқан ерекше рухани байланыс бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді. Сәйкесінше, халық та Елбасының бастамасын бірден қолдады. Өйткені бұл еліміздің тарихымен, мәдени құндылықтарымен сабақтасып жатыр. Бүгінгі күні қалалық Достық үйінде 23 этно-мәдени орталық бар. Барлығы бірлігі мен берекесі жарасқан тату отбасы іспеттес. Олар үшін Қазақстан туған отанына айналды. Өйткені Тәуелсіз Қазақстанда өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауына, ұрпақтарына өз ұстанымдарын дәріптеуге еш кедергісіз мүмкін жасалып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар