ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ ШЕШІП АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

14:08, 5 қараша 2020

Зейнетақы қорындағы қаржыны уақытынан бұрын шешіп алуды қарастыратын заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Жиналған ақшаның тек белгілі мөлшерін ғана арнайы белгіленген мақсатта пайдалануға болады. Тақырыпты Оңғар Алпысбайұлы толықтырады. Зейнетақы қорындағы қаржыны толық шешіп алуға болмайды. Тұрғындардың жас ерекшелігіне байланысты шотта қалуы тиіс сомма бекітіліп қойған. Алдын ала есеп бойынша 700 мыңнан астам Қазақстандық 1,4 трлн теңгені пайдалана алады. Зейнетақы қаржысын 3 мақсатта уақытынан бұрын  алуға болады. Дегенмен заң жобасында әлі де шикіліктер бар. Мәселен, медициналық мақсатта ақшаны пайдалануға рұқсат беру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар шығарады. Депутаттар бұл механизм бюракратиялық машақаттарға айналып, созылып кетуі мүмкін деп отыр. Осындай олқылықтардың барлығы екінші оқылымға дейін толық реттелмек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бастысы ақшаны пайдалану механизмі оңай, ашық және қарапайым халыққа түсінікті болуы шарт, барлық тұсы заңда толық көрсетілуі керек деді.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...