
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Ерлан Жалмағамбет Ұлан ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен жиын өткізді. Жиын барысында департамент басшысы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша елде қолға алынған бастамалар төңірегінде сөз қозғады. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы "ASHYQ AKIMDIK" орталығының қызметімен танысты. Әкімдіктегі орталық "Open space" форматында халыққа қызмет көрсетеді. Аталған бастама жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысымен өткен кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалар түсіндірілді. Жиын соңында департамент басшысы әкімдік өкілдерін адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамдық індетке айналған сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.