
Қазақстан аумағында Парламент Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау аяқталды. Таңғы 07-00-де басталған саяси науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Елімізде барлығы 12 миллионға жуық сайлаушы бар. Жалпы, республика бойынша бүгін 10 061 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ал Шығыс Қазақстан облысында 930 мыңнан астам азаматтың дауыс беру құқығы бар. Өңір тұрғындары аймақтағы 1039 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. Жалпы, дауыс беру ел аумағында тоқтағанымен, уақыт айырмашылығына байланысты кейбір шетелдерде жалғасып жатыр. Сыртқы Істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, бүгін 53 шет мемлекеттегі Қазақстанның елшіліктері мен бас консулдықтары жанынан 66 сайлау учаскесі ашылған. ҚР Орталық сайлау комиссияның берген мәліметтеріне сүйенсек, сағат 22-00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 63,3, Шығыс Қазақстан тұрғындарының 72,4 пайызы дауыс берген.