
Ел тұрғындары асыға күткен ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау үшін дауыс беру жалғасуда. Таңғы 07-00-де басталған саяси науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Яғни, сайлаушылар осы уақытқа дейін өз таңдауларын жасап үлгеруі тиіс. Елімізде барлығы 12 миллионға жуық сайлаушы бар. Жалпы, республика бойынша 10 061 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысында 930 мыңнан астам азаматтың дауыс беру құқығы бар. Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін аймақта 1039 сайлау учаскесі ашылған. ҚР Орталық сайлау комиссияның берген мәліметтеріне сүйенсек, 18-00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан тұрғындарының 67 пайызы дауыс беріп үлгерген.