ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ӨНДІРІС КӨЛЕМІН АРТТЫРАДЫ

13:36, 22 ақпан 2021

Ұлан ауданы Восточное ауылындағы шошқа өсіру кешені аймақтағы ең үлкен шаруа қожалықтарының қатарында. Компания 2020 жылы 1000 тонна ет өндіріп, мемлекетке 62 млн теңге салық төлеген. Ет өндіру орнының өнімдері бүкіл облыстың аудан, қалаларына жеткізіліп отыр. Шаруа қожалығының жұмыс барысы жайлы келесі материалда. Бұл кешеннің өнімдері күніге дүкен сөрелеріне кешіктірмей жеткізіліп тұрады. Арнайы көліктер шошқаның ұшасын орталықтарға аптаның жұмыс күндері тынымсыз тасымалдайды. Себебі, етке деген сұраныс жоғары. Әр тәулікте 60-70 басқа дейін сойылады. 7,5 га аумақта орналасқан кешен соңғы бес жылда ет өндірісін 4 есе ұлғайтқан. Константин Ивашиннің айтуынша, берілетін жем-шөптің бағасы артса да, етті аса қымбаттатпай отыр. Бұл ғана емес, шаруа өндіріс көлемін одан ары арттырмақ ниетте. Ол үшін жергілікті инфрақұрылымды дамыту қажет. Су құбырларын орнату, кешенді жаңа жабдықтармен қамту және қосымша жұмыс орындарын ашу көзделген. Алдағы екі жылда шошқа санын 9 мыңнан 14-15 мыңға жеткізбек. Мұнда нанын тауып, жұмыс істейтіндердің көп бөлігі Восточное мен іргедегі Макеевка ауылының тұрғындары. Оларды жұмыс орнына көлікпен әкеліп-әкетеді. Шошқа өсіру орындарында істейтіндердің еңбекақысы 200 мың теңгеден болса, сою орнындағыларға 250-280 мың теңге беріледі. Шошқа мен сиыр, тауық етін саудалау мақсатында шаруа қожалығы облыс орталығында қолжетімді бағамен дүкен ашпақ. Ал, кешендегі шығарылатын қалдықтарды арнайы түрде экологияға зиян келтірмей өңдейді. Бұл мақсатта Ресейден жабдықтар сатып алынбақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
13:30, 1 наурыз 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар