ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

СЕМЕЙДЕГІ САЙЛАУДЫҢ БАРЫСЫ

13:02, 10 қаңтар 2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәлихаттарын сайлау басталды. Қазақстандықтар маңызды саяси додада еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауда. Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 149 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды. 186 сайлау учаскесінде сайлаушылардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық санитарлық талаптар сақталған. Кірген бетте дәрігерлер сайлаушылардың дене қызуын тексереді. Сонан соң ғана дауыс беру бөлмесіне өтіп, бюлетень алып, өз таңдауларын жасайды. Айта кетейік, егер дауыс беруге келген азаматтың дене қызуы анықталған жағдайда, сайлаушы оқшаулау бөлмесіне жіберіледі. Биыл Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәлихаттарын сайлау жаңаша сипатта өтуде. Елімізде алғаш рет дауыс беру партиялық тізім бойынша жүргізіліп жатқандығы белгілі. Семейліктер сайлау жүйесіндегі бұл жаңашылдықтар еліміздің  саяси өміріне тың серпіліс әкелып, оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді. Семей қаласындағы Достық үйінің Директоры Надежда Шарова да өз таңдауын жасады. Мекеме басшысының айтуынша, бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызы зор. Айта кетейік, сайлау науқанының әділ әрі ашық өтуін бақылаушылар мен партия өкілдері қадағалауда. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Облыстық сайлау комиссиясының деректеріне сүйенсек, сағат 12-дегі жағдай бойынша өңірдің 278 мың 451 тұрғыны дауыс берген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар