
Сағат 20.00-де дауыс беру аяқталып, облыстағы барлық сайлау учаскелері жабылды. Айта кетейік, жалпы аймақта 930 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін бүгін өңірде 1039 сайлау учаскесі дайындалған болатын. Соның бірі облыс орталығындағы №37 орта мектепте орналасқан 77-ші сайлау учаскесі. Мұнда дауыс беруге келген көпшілік қауымның көңіл-күйі көтеріңкі болды. Саяси науқанға жұрт отбасымен, туған-туыстарымен топ-топ болып келді. №77 сайлау учаскесіне 1820 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде денсаулығына байланысты 267 азамат үйлерінде отырып, саяси науқанға қатысуға мүмкіндік алды. Бір сөзбен айтқанда саяси додаға қалың көпшіліктің Сонымен қатар, аймақтағы танымал тұлғалар да саяси науқаннан қалыс қалған жоқ. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлмира Нұрғожина да бар. Дәл осы №37 мектепте танымал жерлесіміз сегізінші сыныпқа дейін білім алған. Оның айтуынша, сайлауда дауыс беріп, өзінің азаматтық ұстанымын көрсету әрбір азаматтың борышы. Сонымен сайлау барысы ойдағыдай өтті. Барлық учаскелерде азаматтардың дауыс беру құқығы да, қауіпті індеттен қорғану үшін санитарлық талаптар да сақталды.