ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

11:32, 11 қаңтар 2021

Заң бойынша Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Президент сайлау аяқталған соң парламентке барып, фракциялардың жетекшілерімен кездесетінін айтты. Ол жаңадан сайланған депутаттармен үкімет басшысы, оның құрамы бойынша ақылдаспақ. Қасым-Жомарт Тоқаев  бұл ойларын журналистерге өзі тіркелген сайлау учаскесінде дауыс беріп болған соң жеткізді. Шағын брифингте тағы қандай мәселелер көтерілді? Тілшіміз тарқатады. Протокол да, сақтық шаралары да қатаң қадағаланды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз таңдауын жасап, дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап беруге асықты. Пандемияға байланысты президентті көбіне онлайн көріп жүрген тілшілер қауымы да бетпе-бет кездесуді сағынып қалғандай. Сол себепті мемлекет басшысы бұл сайлаудан кейін Парламентте бірнеше партияның өкілдері болатынына сенім білдірді. Ал құрамы жаңарған Мәжілісті саяси науқаннан кейін бірден маңызды міндет күтіп тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада фракциялардың жетекшілерімен жүздесіп, премьер-министр мен үкімет мүшелеріне кандидаттарды талқыламақ. Өйткені заң бойынша енді Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Сондай-ақ қаңтардың 15-і күні президент Парламентте сөз сөйлеп, кейін Ұлттық кеңестің отырысы өтетінін мәлімдеді. Онда жаңа саяси реформалар пакеті жариялануы тиіс. Демек, санаулы күннен соң елдің саяси өмірі қыза түспек.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...