ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ЖАҢА ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:49, 14 қаңтар 2021

Аймаққа қарасты ауылдарда экспорттық әлеуетті дамытуға ден қойылмақ. Бұл алдағы жылы орындалуы тиіс басым бағыттардың бірі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын дамытуда да бірқатар ауқымды істер атқарылмақ. Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды. Бүгін 7 шақырылымдағы облыстық мәслихаттың алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында мәслихаттың жаңа хатшысы таныстырылды. Хатшылыққа бұған дейін ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған Денис Рыпаков тағайындалды. Сондай-ақ сессия барысында жаңа шақырылымның депутаттарына төсбелгілер мен куәліктер салтанатты түрде табыс етілді. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың жаңа құрамы қойылған міндеттерді қалтқысыз орындайтынына сенім білдірді. Сессия барысында Шығыс Қазақстан облысын дамытудың басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласының экспортқа бағдарлануы, шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы таяу жылдары негізгі драйверге айналады. Сонымен қатар, аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, адами капиталды дамытуға, әсіресе денсаулық сақтау саласына ереше назар аудару қажет.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...