ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

13:34, 26 ақпан 2021

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халыққа есеп беру кездесуі өтіп жатыр. Жиын биыл бұрынғыға қарағанда өзгеше форматта ұйымдастырылды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отыра аймақ басшысының есеп беруі онлайн жүргізілуде. Облыс әкімі өз есебінде Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары екенін айтты. Мәселен, өткен жылы экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдау картасына 667,5 млрд. теңге инвестиция көлемімен және 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін 38 жоба енгізілген. Сондай-ақ, 2020 жылы 37,5 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылған.  «2020 жылы өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталды». Даниал Ахметов осылай деді. Оның айтуынша, аймақта айтулы істер атқарылып, ауқымды жобалар қолға алынған. Алдағы уақытта да жұмыс тоқтамақ емес, «2021 жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд. теңгеге 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр» деп атап өтті облыс әкімі.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар