ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

17:17, 26 ақпан 2021

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиын биыл бұрынғыға қарағанда өзгеше форматта ұйымдастырылды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отыра аймақ басшысының есеп беруі онлайн жүргізілді. Облыс әкімі өз есебінде Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары екенін айтты. Мәселен, өткен жылы экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдау картасына 667,5 млрд. теңге инвестиция көлемімен және 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін 38 жоба енгізілген. Сондай-ақ, 2020 жылы 37,5 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылған. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы, медицина, білім саласы. Осы және өзге де салаларға қатысты өзекті мәселелер есепті кездесуде айтылды. Мәселен облыста бұрынғы аудан орталығы саналатын 13 елдімекенді дамытуға ерекше мән берілді. Аталмыш  елдімекендерде әлеуметтік инфрақұрылым сақталып, орта және мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт қызметтерімен қамтамасыз етілгенімен, қаржыландыру жағы қазіргі аудан орталықтарымен салыстырғанда төмен деңгейде. Соның салдарынан аудан орталықтарындағы тұрғын-үй, коммуналдық сала мен жолдың сапасы сын көтермейді. Бұдан бөлек тұрғындардың тұрғылықты мекенінен басқа жерлерге қоныс аударуына ауылдардың аудан орталығынан алыстығы себеп болып отыр. Өңірде коронавирус инфекциясымен күрес жұмыстары жалғасуда. Былтыр облыстың медициналық ұйымдарына 174 ИВЛ аппараты 10 рентген және 3 компьютерлік томография мен 216 жедел жәрдем көлігі алынды. Өңірдің денсаулық саласын дамытуға былтыр 37 млрд.теңге бөлінді. Биыл облыста көлік инфрақұрылымы бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы басталды. 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жиыны 200-ден астам шара өткен. Оның ішіндегі 71 жоба инфрақұрылымдық саладағы жобалар. Есепті кездесу барысында облыс әкімі алдын-ала және әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сауалдарға жауап берді. Облыс әкімі еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды даярлауда «Жас маман», «Білікті маман» жобаларының аясында биыл 5 колледжден қосымша құзыреттілік орталықтары ашылатындығын атап өтті.

                                               

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар