ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

13:19, 28 қаңтар 2021

Биыл өңірде 9 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өткен жылға қорытынды жасап, 2021 жылға бірқатар міндеттер қойды. ШҚО бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгені құраған АӘК 10969 отбасы алған. Мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудан бөлек, өңірде оларды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде өткен жылы АӘК алушылардан 2907 адам жұмысқа орналастырылды. Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсібін бастау үшін 636 грант көпбалалы, 239 грант аз қамтылған отбасына берілді. ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 1060 өтінім келіп түскен. Оның 875-і қанағаттандырылған. Сондай – ақ, аймақ басшысы өңірдегі балабақшаға кезек мәселесін шешу қажеттігін, бүгінде облыс бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 14 мыңнан астам бала кезекте тұрғанын айтты. Және орынбасары Әлішер Мархабат бастаған Өскемен, Семей, Риддер және Курчатов қалаларының әкімдері қостаған топ мәселені анықтап, он күн мерзімде нақты ұсыныстар енгізуі тиіс деді Айта кетейік, 2019 жылғы деңгейге қарағанда 117,4% өсіммен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Алайда Өскемен қаласы бойынша көрсеткіш небәрі 69,8%. Даниал Ахметов 100% қаржыландыру бола тұра тұрғын үйді іске қоспау Өскеменге үлкен сын екенін айтты. Бұл қала әкімі Жақсылық Омар мен орынбасарым Бақытжан Баяхметовтың жіберген қателіктері, - деді облыс әкімі.

Тақырып бойынша материалдар

 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
13:30, 1 наурыз 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар