
Өскеменде «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Түрлі салада қызмет атқаратын 200-ге жуық адам партия мүшесі атанды. Олардың басым көпшілігі ұсыныс бойынша емес, өздері ниет білдіріп, өтініш жазу арқылы қабылданған. Карантин жағдайына байланысты барлығын бірдей шақырудың мүмкіндігі болған жоқ. Салтанатты шараға келген партияның жаңа мүшелері пандемия кезінде ерікті болып, тұрғындарға көмек көрсеткендер мен партияішілік іріктеуге, яғни «Праймеризге» қатысқандар. Партияның су жаңа мүшесі Нәзира Жұпаева Үлбі халыққа қызмет көрсету орталығының бас есепшісі. Жұмыс барысында тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысатын ол болашақта партия мүшесі ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруға күш салатынын айтады. Айта кетейік, 1 наурыз Нұр Отан партиясының құрылған күні.