
Төменгі палата жанынан партияаралық кеңес құрылады. Мақсат - парламенттік және парламенттік емес саяси құрылымдар арасында диалог орнату. КСМ: Ынтымақтастық арқылы өзекті мәселелерді бірлесе шешу көзделген. Кеңес құруды палата қабырғасында өткен жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды. Басқосуға «Адал», «Ақ жол», «Ауыл», Қазақстан Халық партиясы, «Nur Otan» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері қатысты.