
Ынтымағы жарасқан Шығыс өңірінің халқы бүгінгі сайлауға жұдырықтай жұмылып, бір кісідей қатысып жатыр. Сайлаушылардың арасында учаскелерге топ-тобымен келіп жатқан зауыт жұмысшылары көп. Өйткені Өскемен еліміздегі түсті металлургияның орталығы саналады. Қаладағы 46 орта мектепте № 95 және 97 сайлау учаскелері орналасқан. Дауыс берушілердің арасында спортшылар да көп. Жалпы № 95 сайлау учаскесіне 2545 адам тіркелген. Олардың басым көпшілігі Ілияс Есенберлин мен Көкжал Барақ көшесінің тұрғындары. Мұнда санитарлық талаптарға ерекше назар аударылған. Шаһар тұрғындары бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, болашаққа бейжай қарамайтындарын іс жүзінде дәлелдеп жатыр. Себебі, әрбір таңдаудың артында облыстың ғана емес, тұтас елдің тағдыры тұр.