ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ

13:34, 18 наурыз 2021

Ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бүгін Мәжіліс отырысында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы талқыланды. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.  «ҚазАгро» холдингі 3 жыл қатарынан мемлекеттік сатып алу процестерінің 98 пайызын бір көзден алу тәсілі арқылы жүргізген. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы сатып алулардың түгелін бір көзден алған. Демек, бәсекелестік аз. Ал сатып алулар бойынша жал сайын айналымға 3,5 трлн теңге түседі. Қыруар қаржының мақсатты жұмсалуына күмән болмауы керек. Депутаттар осы мәселені реттеуді талап етті. Сонымен қатар, заң жобасында тауарды 30 күннің ішінде жеткізу  міндеттелген де, ал тапсырыс берушінің төлеу мерзімі белгіленбей кеткен. Демек, екі жақтың арасында теңсіздік бар. Квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар да біркелкі емес. Түрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Яғни, бірізділік жоқ. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесі бекіткен қағидаларға сүйенеді. Ал «Бәйтерек», «ҚазАгро», «Зерде» сияқты компаниялар «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға және сатып алу ережелеріне иек артады. Енді мұндайға жол берілмейді. 250-ден аса ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының бәрі ортақ талапқа бағынуы тиіс. Қызметтер «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның аясында жүргізу ұсынылып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
13:30, 1 наурыз 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...