ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17:37, 9 желтоқсан 2020

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы бұқаралық спортты дамыту және халықты, бірінші кезекте балаларды спортпен әрі дене шынықтырумен айналысуға барынша тарту бөлігінде жетілдіруге бағытталған. «Құжаттың негізгі бағыттарына тоқталсақ, өкілетті органның құзыретін кеңейту, жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту, спорттық инфрақұрылымның қолжемділігі, білім беру саласындағы жаңалықтар қамтылған. Өкілетті органның құзыреті ұлттық спорт түрлері бойынша тізбені бекіту қызметімен толықтырылады», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті келесі қызметтермен толықтырылады: дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің санын арттыру, халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету, ауыл халқы арасындағы дене шынықтыру сауықтыру қызметі, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлығы клубтарының желісін кеңейту.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар