ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

11:04, 10 қаңтар 2021

Ел тұрғындары асыға күткен ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаты депутаттарының сайлауы осылайша таңғы жетіден әнұранмен басталды. Науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Яғни, сайлаушылар өз дауыстарын осы уақытқа дейін беріп үлгерулері тиіс. Елімізде 12 миллионға жуық сайлаушы бар. Жалпы, республика бойынша 10061 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысында 1 миллионға жуық сайлаушы тіркелген. Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін аймақта 1039 сайлау учаскесі дайындалды. Дауыс беру учаскелері ресми ашылып, шығысқазақстандықтар мекенжайлары бойынша таңдау жасауда. Бұған дейін азаматтар сайлау орны мен уақыты жайлы алдын ала хабарламалар арқылы ақпарат алған болатын. Азаматтық міндетіне үлкен ыждағатпен кіріскен тұрғындар ерте уақытқа қарамастан учаскіге келіп ел ертеңіне өз дауысын беру арқылы атсалысуда. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылған науқанға бейжай емес жандар жауапкершілікпен қарайды. Солардың бірі №40 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген Айдар Малғаждаров. 65 жастағы зейнеткер өзгелерге де мемлекеттің жарқын болашағының кепілі болар сайлауға дұрыс ұстаныммен қараған жөн дейді. Сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Галина Асташкинаның айтуынша, сайлау ережелері толық сақталуда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар