
Семейдегі № 1137 сайлау учаскесі Қарағайлы жаңа шағын ауданының тұрғындары үшін арнайы ашылған. Сайлау учаскесі Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезінде құрылды. Сол кезден бастап шағын ауданның халқы едәуір өсті. Сондықтан, учаскедегі биылғы саяси науқанға қатысушы сайлаушылардың саны әлдеқайда көп. Бүгін аталған сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кандидаттары үшін 1 042 тұрғыны өз дауыстарын береді. Алайда, шын мәнінде шағын ауданның халқы әлдеқайда көп. Көптеген жаңа қоныстанушылар мекенжай бойынша әлі тұрақты тіркелмеген. Биылғы саяси науқанның ерекшелігі, сайлаушылар әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу және қолғап кию сынды санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Адамдар таңертең ерте келе бастады. Сайлау учаскесінде алғашқы үш сағаттың ішінде 100-ден астам адам дауыс берді. Балаларымен үйде отырған көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және әртүрлі себептермен шыға алмайтын адамдар үйден дауыс береді. Олар үшін жылжымалы жәшіктерді апару ұйымдастырылмақ. Шағын ауданның 24 тұрғынына жылжымалы жәшік апару жоспарланған.