ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІ СЕНСОРЛЫҚ БӨЛМЕ СЫЙЛАДЫ

13:36, 23 желтоқсан 2020

Қаламыздағы «Жарқын болашақ» түзету қызметтерін көрсету орталығында балалардың дамуына арналған заманауи жабдықтары бар сенсорлық зал пайда болды. Бұл Израиль мемлекеті Сыртқы істер министрлігі бөлген арнайы гранттың нәтижесінде мүмкін болды. Бүгін Израиль Елшісі Лиат Вексельман қаламызға келіп, сауықтыру залының ашылуына қатысты. Израиль елшісі Лиат Вексельман Шығыс Қазақстанға оның ішінде Семейге алғаш рет келді. Соған қарамастан жоғары мәртебелі қонақ өзін еркін сезінетінін айтады. Түзету орталығының мамандары Машав халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Израильде тағылымдамадан өткен сәттен бастап, елші олармен жақсы байланыс орнатқан. Әзірге зал жартылай жабдықталған. Қалған бөлігі алдағы уақытта жеткізіледі. Мамандардың айтуынша, сенсорлық интеграция, моторика сөйлеуді дамытуға көмектеседі. Бұл балалардың одан әрі интеграциялық немесе қарапайым мектептерде білім алуы үшін маңызды. Лиат Вексельманның айтуынша, әлеуметтік даму және қолдау тақырыбы Израиль үшін өте маңызды бағыт. Бұл мемлекет аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс жасауда әлемде алдыңғы қатарда. Яғни, ең озық технологиялар мен емдеу-диагностикалау шаралары осы елде дамыған. Израиль елшілігі Қазақстанда түрлі гранттық жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жоба Шығыс өңіріндегі әзірге алғашқы жоба.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар