
Денис Голобородько Ресейден келген халықаралық байқаушы. Ол сайлаушылардың белсенді түрде дауыс беріп жатқанын әрі елдің болашағына зор сеніммен қарайтынын атап өтті. Сонымен қатар, байқаушының ойынша, біздің елдегі сайлауды реттейтін заңдар негізгі азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, өзге сайлау учаскелеріндегідей мұнда да жылжымалы сайлау жәшіктері бар. Яғни, өздігінен келіп дауыс бере алмайтын жандарға үйде қызмет көрсетілді.