ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

19:08, 10 қаңтар 2021

Бүгін өңірдегі этно мәдени бірлестік өкілдері де сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Облыстық  славян мәдениеті  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Яковлев сайлауға қатысу әр адамның азаматтық парызы екенін айтады. Оның ойынша, біздің мемлекеттік идеологиямыз: қазақстандық патриотизмге, этносаралық татулық пен бірлікке негізделген. Сондықтан Қазақ еліндегі сан алуан ұлыстың түрі мен тілі, діні мен ділі басқа болса да, тілегі бір, тілеуі ортақ. Сәйкесінше, азаматтарымыз саяси тұрғыда да аса белсенді. Александр Яковлев дауыс берген N5 сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың да, учаске қызметкерлерінің де көңіл-күйлері тамаша. Дауыс беру орындарының қай жерде орналасқанын көрсететін  белгілер мен хабарландырулардан бөлек, сайлау комиссиясының қызметкерлері сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. Яғни олар сайлаушылардың кез-келген сауалына жауап беруге беруге дайын. Дауыс беруге келген азаматтар да ұйымдасқан түрде, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, кезекпен таңдау жасап жатыр. Айта кетейік, Парламент Мәжілісіндегі депутаттардың 98-і партиялық тізім бойынша сайланса, қалған 9-ын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері таңдайды.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...