
Өңірдің барлық аудандарында тұрғындар сайлауға белсенді қатысуда. Глубокое ауданында 46 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Солардың бірі Прапорщиково ауылында орналасқан №495-нші сайлау орны. Аталған учаскеде дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған, ал кіреберісте мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылған. Ең бастысы, санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Прапорщиково ауылының көпшілік тұрғындары дауыс беруге жауапкершілікпен қарауда. Сайлаушылар саяси науқанға салғырт қарай алмадық дейді. Тұрғындардың сөзіне сенсек, бүгін олар үшін маңызды күн. Балаларының ертеңгі жарқын болашағы үшін қажет. Жергілікті халықтың белсенділігін сайлау комиссиясының мүшелері де айтып отыр. Аудан тұрғындары учаскелерге көңілді күймен келіп жатыр дейді. Учаскеде сайлаушылардың түрлі санатына көңіл бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы кабиналар орнатқан. Дауыс берушіге ыңғайлы болу үшін. Ал, алғаш дауыс берген азаматтарға естелік сыйлықтар табыстауда.