
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Республика жұртшылығымен бірге Шығыс Қзақстан облысының тұрғындары да өз таңдауын жасады. Жалпы, өңір бойынша 1039, Өскемен қаласында 120 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сүйенсек, облыс тұрғындарының 72,4 проценті саяси науқанға қатысқан. Дауыс беру кезінде әлеуметтік арақашықтықтан бастап барлық санитарлық талаптар сақталды. Астана уақытымен кешкі сағат 20.00-де дауыс беру тоқтады. Бұл Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде орналасқан № 79 сайлау учаскесі. Жергілікті уақытпен кешкі сағат 20.00-де дауыстарды санау басталды. Бюллетеньдерді санауға сенімді тұлғалар мен байқаушылар қатысты. Әрбір сайлау учаскесінде берілген дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелері жіті бақылады. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Қазақстан бойынша кешкі сағат 20.00-ге дейін ел азаматтарының сайлауға келуі 63,1 процентті құраған. Саяси науқанының толық қорытындысын орталық сайлау комиссиясы алдағы 7 күннің ішінде - яғни 17 қаңтарына дейін шығарады.