
Биылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаты депутаттарының сайлауы бұрынғыдан өзгерек. Себебі әлемді дүрліктірген СOVID-19 дерті әлі сейілген жоқ. Сондықтан сайлау учаскелерінде бірқатар санитарлық талаптарды сақтау міндеттелген. Облыс орталығындағы сондай уаскелердің біріне біз де барып қайттық. Әсел Көшенова өзінің азаматтық парызын орындау үшін сайлау учаскесіне таң сәріден келді. Ол елдегі барлық сайлау науқанынан қалыс қалмайтын азаматтардың бірі. Әселдің айтуынша, індетке қарамастан мемлекеттік маңызы бар айтулы шараға қатысу әрбір қазақстандықтың міндеті. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаты депутаттарының сайлауы таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.