
Бүгінгі саяси науқанда байқаушылар өз міндеттерін қалтқысыз атқарды. Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелері ашылысымен-ақ қызметтеріне кірісті. Олар дауыс беруге барлық жағдай жасалып, учаскелік кабинеттер де қолайлы таңдалғанын ерекше атап өтті. Денис Голобородько - Ресейден келген халықаралық байқаушы. Ол сайлаушылардың белсенді түрде дауыс бергеніне әрі тұрғындардың ел болашағына зор сеніммен қарайтынына ерекше тоқталды. Сайлаудың әділ өтуіне тәуелсіз байқаушылар да ат салысты. Олардың айтуынша елде қалыптасқан эпид жағдайға байланысты әр учаскеде санитарлық талаптардың сақталуына баса мән берілген. Өз міндеттеріне кіріспес бұрын аталған байқаушылар арнайы оқудан өткен. Шет елден келген байқаушылардан бөлек ҚР Кәсіподақтар федерациясы облыстық кәсіподақ орталығының байқаушылары да бұл күні қызу жұмыс істеді. Күні бойы тынбай жұмыс істеген байқаушылар, әзірге еш заң бұзу фактісі болған жоқ, сайлау ойдағыдай өтті деп отыр.