
Үржар - Шығыс Қазақстандағы ең үлкен аудандардың бірі. Жергілікті халық бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр. Азаматтар саяси науқанға көтеріңкі көңіл – күймен келіп, өз таңдауларын жасауда. Айта кетейік, барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жасақталған. Әр дауыс берушінің дене қызуы тексеріліп, ара қашықтық сақталуда. Ауданда барлығы 78 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 49-ы мектептерде, 10-ы мәдениет үйлерінде және 7 нысан ауруханаларда ашылған. Күршім аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шәкерхан Тойбаевтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытқа дейін аудандағы сайлаушылардың 76 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Оның айтуынша, бүгінгі сайлау науқанының үлкен саяси мәні бар. Өз таңдауын жасау әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықовтың айтуынша, ауданда сайлаушылардың дауыс беру қарқыны әдеттегіден жоғары. Қазірдің өзінде таңдауын жасағандар саны көңіл қуантарлық. Атаулы шара жоғары деңгейде өтуде. Әзірге аудандардағы ахуал осындай. Дауыс беру жалғасуда.