ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ASHYQ AKIMDIK

13:31, 7 желтоқсан 2020

2020 жылдың 10 шілдесінен бастап «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының аясында Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарында заманауи сервистік әкімдіктер жұмыс істей бастады. Мұнда келген әрбір тұрғын сәулет, құрылыс, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да мәселелері бойынша жүгініп, тиісінше мемлекеттік қызмет пен қажетті кеңестер ала алады.  Аудан орталығындағы «ASHYQ AKIMDIK»  кеңсесі жаңа форматта жұмыс істейді. Ауылда мұндай кабинет ашылғалы бері 300-дей адам түрлі мәселелерімен жүгінген. Онда: күту залы, кеңес беру алаңы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық стендтер, WI-Fi желісі және балалар бұрышы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгінде ауданның кез келген тұрғыны өзінің көкейкесті сауалдарымен бұл кабинетке келе алады. Мұндай заманауи сервистік әкімдіктер жұмысы бүкіл облыс аумағында бірыңғай негізде көрініс тапқан. Үлкен Нарын ауылындағы «ASHYQ AKIMDIK» қызметі ашықтық, қолжетімділік және аудан тұрғындарына дұрыс бағыт-бағдар көрсету ұстанымдары бойынша қызмет көрсетеді. Келушілерге заң негізінде толық ақпарат беретін кеңесші-маман жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осындай сервистік әкімдіктердің ашылуы жергілікті атқарушы органдар қызметін жүйелендіреді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
13:34, 18 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
13:38, 17 наурыз 2021
ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
13:36, 5 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар