ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЖУРНАЛИСТЕР ВАКЦИНА АЛДЫ

17:17, 29 сәуір 2021

Семейде вакцина егу жұмыстары белсенді жүруде. Шаһардағы журналистер қауымы да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны қабылдауда. Кіре берісте бізді медицина қызметкерлері қарсы алып, екпе қоятын аумаққа апарып, қысқаша нұсқаулық өткізілді. Түсіндірілгендей, дәрігерге дейінгі пунктте менің дене қызуы мен қан қысымымды өлшеді, содан кейін мен сауалнама парағын толтырдым. Екпе алмас бұрын дәрігер өкпенің жұмысын тексереді. Оның рұқсатынан кейін ғана вакцина алуға барамыз. Мұнда медбике қойылатын екпе Спутник Ви вакцинасы екенін көрсетіп, бір ампула 5 адамға арналғандығын айтты. Екпеден кейін 3 күн бойы вакцина алған жерді сулауға болмайды. Бұлшық ет және бас ауруы, сондай-ақ дене қызуы болуы мүмкін екендігін айтты. Екпеден кейін міндетті түрде 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болу қажет. Әр емхана бұл іске жауапкершілікпен дайындалыпты. Әркімнің өзіндік ерекшеліктері де бар екен. Мысалы, мұнда екпе алған адамдарға шай мен тәттілер ұсынады. Арнайы бөлмеде болған кезде кезекші дәрігер Sputnik-V вакцинасы екі компонентті екенін және екіншісі 21 күннен кейін салынатындын айтты. Сондай-ақ, осы мерзімде алкогольдік ішімдіктерді ішуге болмайтындығын ескертті. Айта кету керек, вакцинаны қазірдің өзінде №1 емхананың бөлімшесінде 250-ден астам адам қабылдаған. Қазіргі уақытта мұнда 150 доза қоры бар. Дәрігерлер вакцинаны кез-келген емханадан алуға болатындығын айтады. Өйткені олардың барлығында  вакцинация пунктері бар. Сонымен қатар жылжымалы бригадалар жұмыс істейді.  Бірақ бұл үшін алдын-ала емханаға қоңырау шалып, уақытын нақтылау қажет.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар